Ссылки доступа

Қырғызстанда патруль милициясы жұмыс істей бастады


1 сәуірден бастап, Қырғызстанда жол-патруль және бекет қызметтерін біріктірген патруль милициясының Бас басқармасы жұмыс істей бастады.

Жаңа қызметтің тұсауын бүгін Бішкекте ішкі істер министрі Мелис Тұрғанбаев кесті. ІІМ хабарлауынша, патруль милициясының экипаждары алдымен Бішкекте , Шу және Ыстықкөл облыстарында пайда болады. Бішкектегі жол және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін 800 милиционер, Шу облысында – 400, Ыстықкөл облысында – 160 тәртіп сақшысы қызмет етеді. 1 шілдеден бастап, патруль қызметі елдің барлық облысында жұмыс істей бастайды.

Тұрғанбаев жаңа қызмет милициядағы ең жетекші орынға шығатынына сенім білдірді. Ереже бойынша, патрульдік милиция кез келген құқық бұзушылыққа назар аударуы тиіс. Қоңырау түскен сәттен олар оқиға орнына 3-10 минут ішінде жетуі тиіс.

Патруль милициясы күндіз-түні істейтін болады. Үш тәртіп сақшысынан тұратын экипаж мүшлері даулы мәселелерді шешу үшін фото және бейнетіркеуші құралдармен жабдықталады. Тәртіп сақшыларының ауысым бойғы жұмысы бейнекамераға жазылады.

XS
SM
MD
LG