Ссылки доступа

Ресей НАТО-ға "тиімді" жауап қайтаратынын жария етті


Ресей Шығыс Еуропадағы әскерін алмастыруды күшейткен НАТО-ға және Ресейдің шекарасында күштерін топтастырған АҚШ-қа тиісінше жауап қайтарады. Бұл туралы Ресейдің НАТО-дағы өкілі Александр Грушко мәлімдеді.

«Россия-24» телеарнасында сөйлеген сөзінде Грушко: «Біз әскери қауіп туралы түсінігімізге толық сай келетін, тым қымбатқа түспейтін, бірақ мейлінше тиімді болатын жауап қайтарамыз.», — деді.

Оның сөзінше, Ресей Еуропаға әскерін әкеп, шығыс майданын құрып жатқан АҚШ-тың әрекетін құр бақылап отыра алмайды. Сондықтан еш себеп ақтап ала алмайтын мұндай әскери әрекеттің күшеюіне қарсы қажет деп тапқан шараларды қолға алатындарын жеткізді.

«Известия» газетіне берген сұхбатында Грушко Ресейдің әскери күштерді алмастыруды Шығыс Еуропада қосымша әскери күштер ұстамау туралы Ресей мен НАТО арасында 90-жылдары қол қойған келісімдерді бұзу деп санайтынын айтты. «Біз үздіксіз әскер алмастырудың тұрақты әскер ұстаудан еш айырмашылығы жоқтығын бірнеше мәрте мәлімдедік», — деді Александр Грушко.

XS
SM
MD
LG