Ссылки доступа

Тәжік такси жүргізушісін өлтірген әскерилер жазасын Ресейде өтейді


Тәжікстандағы ресейлік 201-ші әскери базасының қызметшілері Ильдар Сахапов пен Федор Басимовтар 31 наурызда Душанбеден Екатеринбург түрмесіне жеткізілді. Былтырғы жылдың тамызында тәжік такси жүргізушісін өлтіргені үшін 13 және 17 жылға сотталған олар осы күнге дейін Душанбедегі №1 тергеу абақтысында отырған.

Ресейдің 201-ші әскери базасының әскери гарнизон соты Ильдар Сахапов пен Федор Басимовтың сот шешімімен отандарына әкетілгенін хабарлады.

Марқұм Рахимджон Тешабоевтың туыстарына моральдық және материалды өтемақы есебінде 1 млн рубль төлеуді сотталушылар түрмедегі жазасын өтеу кезінен бастаулары керек.

Марқұмның бауыры Рустамджон Тешабоевтың айтуынша 31 наурызда өздерін әскери гарнизон сотына шақырып алып, сотталған жауынгерлердің отанына әкетілгенін айтқан. Алайда «өтемақы туралы ешкім тіс жармағанын және ол ақшаның қашан төленетіні белгісіз екенін" мәлімдеді.

Рахимджона Тешабоевтың отбасының адвокаты Нигора Хайитова Тешабоевты өлтірісімен, Басимовтың көліктен 37 мың 500 ресей рублін ұрлап кеткенін, сондықтан сотталушылар осы шығынды өтеп беруге міндетті екенін айтты.

Такси жүргізушісі Рахимджон Тешабаев бауыздалған қалпында 2014 жылы 19 тамызда Душанбенің іргесіндегі Рудаки ауданына қарасты Чимтеппа қышлағындағы көлден табылған. 26 тамызда Тешабоевтың өліміне қатысты деген күдікпен 201-ші ресейлік әскери базаның жауынгерлері Сахапов пен Басимов ұсталды.

XS
SM
MD
LG