Ссылки доступа

«Үйсіз» қалталы депутаттар мемлекеттен баспана алды


Қырғызстаның Жоғорку Кеңеші 16депутатқа, оның ішінде ҚСДП фракциясының 12 өкіліне қызметтік пәтер бөлді. «Баспанасыздар» арасында Әнуар Артықов, Тилектеш Исаев секілді ел ішінде қалталы жандар ретінде танылғандары да бар.

Жоғорку Кеңештің мәліметі бойынша, 16 депутаттың Бішкекте жеке баспанасы жоқ боп шықты.

Жұртшылықты бәрінен де осымен төртінші мәрте депутат боп сайланған Әнуар Артықовқа пәтердің не үшін берілгені таңдандырып отыр. Ең жасы үлкен парламент өкілінің осыдан 20 жыл бұрын пәтер алып, оны қызына бергені мәлім болды. Депутат баспананы қайтарғысы келмейді.

Үйсіздер арасында тағы бір социал-демократ - Тилектеш Исаев та бар. Ол Бішкекте үйі жоғын, баспана салуды енді бастағанын айтып отыр.

Исаевтың бұған дейін «Манас» халықаралық әуежайына авиажанармай таситын «Газпромнефть-Аэро Қырғызстан» кәсіпорнын басқарғанын ескерген көпшілік, шенеуніктің бұл сөзіне сенбей отыр.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың күзінде өткен парламент сайлауының алдында барлық партия депутаттық жеңілдіктерден, қызметтік көлік пен пәтерлерден бас тартуға уәде берген еді.

XS
SM
MD
LG