Ссылки доступа

“Истиклол” алтыншы рет Тәжікстан Суперкубогын жеңіп алды


Душанбелік "Истиклол" футбол клубы "Худжанд" командасын 3:2 есебімен ұтып, футболдан Тәжікстан Суперкубогын иеленді

3 сәуірде «Металлург» стадионында футболдан Тәжікстан Суперкубогын ел чемпионы және Тәжікстан кубогының былтырғы иегері «Истиклол» мен елдің вице-чемпионы «Худжанд» сарапқа салды. Нәтижесінде «Истиклол» алтыншы рет Тәжікстан Суперкубогын жеңіп алды.

Суперкубок үшін сайыс Тәжікстанда 2010 жылдан бері өтіп келеді. Алғаш кубокты «Истиклол» жеңіп алды, одан кейін 2011, 2012, 2014 және 2015 жылдары да оның иегері атанды. Тек 2013 жылы ғана Суперкубокты өз алаңында турсунзадалық «Регар-ТадАЗ» клубын 2:1 есебімен ұтқан Куляб қаласының «Равшан» командасы жеңіп алды.

XS
SM
MD
LG