Ссылки доступа

Орталық Азия мен АҚШ инвестициялық жағдайды талқылайды


Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан мен АҚШ-тың мемлекеттік өкілдері 4-6 сәуір аралығында Бішкекте өтетін TIFA келісімінің кеңесіне қатысады. Бұл жөнінде Қырғызстанның экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Министрліктің мәліметінше, тараптар Орталық Азия және АҚШ елдерінің сауда-инвестициялық климаты жөнінде талқылайды. Сонымен бірге TIFA-ға қатысушы елдер АҚШ преференциясының дамушы елдерге арналған Бас жүйесіне сәйкес, жеңілдетілген тауар жеткізу мәселесін де күн тәртібіне енгізбек. Шара аясында әйел кәсіпкерлердің экономикалық мүмкіндігін кеңейтіп, оларға жағдай жасау мәселесін де қарайды.

"Санитарлы және фитосанитарлы шараларға қатысты, стандартты кеден мәселесіне қатысты сұрақтар да талқыланып, келесі жылға нақты қадамдар жасалынады", - делінген баспасөз хабарламасында.

XS
SM
MD
LG