Ссылки доступа

Савченко қайтадан аштық жариялмақ


Украин ұшқышы, Ресейде 22 жылға түрме жазасына кесілген Надежда Савченко 6 сәуірден бастап құрғақ аштық жариялмақ деп хабарлады оның адвокаты.

Twitter’дегі парақшасына заңгер Николай Полозов "оның мақсаты - өзін Украинаға қайтару" деп жазды. Алдын адвокат Савченконың денсаулығы бірқалыпты, ол тек су ішіп жатыр деп хабарлаған.

22 наурызда Савченконы 2014 жылы Украинаның шығысында ресейлік екі журналисті өлтірді деген айыппен соттаған болатын. Сот үкімі 5 сәуірде күшіне енді. Ол өзінің кінәсін мойындамайды. Сотқа қарсылық ретінде бірнеше рет аштық жариялады. Алдын ұшқыштың қорғаушылары сот шешіміне қарсы шағымданатынын айтқан.

Савченко болса, өзін еріктілер қатарында Украинаның шығысында бүлікшілерге қарсы күресіп жатқан жерінен, 2014 жылдың маусым айында ұстап әкетіп, Ресейге тапсырғанын айтады. Украина президенті Петр Порошенко Киев ресейлік тұтқындармен алмастыруға дайын екенін мәлімдеген. Бірақ Кремль Савченко "мерзімін толық өтейді" деп отыр.

XS
SM
MD
LG