Ссылки доступа

Қарағанды облысында су қоймасының бөгені бұзылды


Қарағанды облысында Төменгі Нарбақ су қоймасының бөгені жарылды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Нұра-Сарысу бассейнінің Төменгі Нарбақ су қоймасындағы бөген Шет ауданында 4 сәуірге қараған түні сағат 03 шамасында жарылған.

Адам шығыны жөнінде хабар жоқ. Аймақтағы елді мекендерді су басу қаупі жоқ деп хабарланады.

Бөгеннің бұзылуынан Қызылорда-Павлодар жолының 796 километрінде жолдың 5-6 метр тұсын су басқан. Жолда барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылып, пост қойылған.

Су қазір Жаңаарқа ауданындағы Сарысу өзені аңғарында орналасқан Бидайық су қоймасына кетіп жатыр. Бұлан ары артық су табиғи жолмен Сарысу өзенінің аңғарына кетеді.

XS
SM
MD
LG