Ссылки доступа

Омбудсмен екі отбасын күштеп шығаруды сынады


Kazakhstan – Zeysh Korzhinbaev, home owner in Almaty set fire on court decision on eviction. Screenshot from YouTube. Undated
Kazakhstan – Zeysh Korzhinbaev, home owner in Almaty set fire on court decision on eviction. Screenshot from YouTube. Undated

Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Қарағанды және Алматыдағы екі отбасын үйлерінен көшіру — биліктің қате шешімінің нәтижесінде болды деп мәлімдеді.

Жарияланған мәлімдемеде Қарағандыдағы Кәріпбеков пен Алматыдағы Қоржынбаевтар отбасын үйлерінен шығару "жеке лауазымды тұлғалардың шешімдерінің" нәтижесінде орын алғаны көрсетілген.

Кәріпбеков отбасына жергілікті билік 2012 жылы үй береді, бірақ тұруға тиісті заңды құжаттарды бермеген. 2015 жылы жергілікті билік оларды үйлерінен шығару жөнінде сотқа арыз береді. Сот арызданушы тараптың пайдасына шешім шығарады. Омбудсменнің хабарлауынша, Кәріпбеков отбасын үймен қамтамасыз ету мәселесі әлі шешімін таппаған.

Ал Қоржынбаева отбасының анасы Светлана Тұрғымбаева 2012 жылы өзін өртеу арқылы қайтыс болады. Кейінірек оның күйеуі Зейш Қоржынбаев та қайтыс болады. Енді отбасының қалған тоғыз мүшесін үйлерінен шығару қаупі тұр.

XS
SM
MD
LG