Ссылки доступа

Душанбеде Ходжи Халиманың туысы сотталды


Абдухалим Назарзода

Абдухалим Назарзода

Душанбе қалалық соты былтыр қыркүйек оқиғасынан кейін Ресейге қашып кетіп, кейіннен ұсталған бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзоданың (Ходжи Халима) немере інісін 3,5 жылға бас бостандығынан айырды.

28 жастағы Алишер Назаров Ресейде ұсталып, Душанбеге жеткізілген. Оның әкесі Абдурахим Назаров Ходжи Халиманың туған бауыры. Ресми дерекке сәйкес, ол 2015 жылы 15 қыркүйектегі атыс кезінде қаза тапқан. Сот сонымен бірге Муккамилов отбасының үш адамын да айыпты деп тапты.

2015 жылдың қыркүйегінде Тәжікстан билігі елдің бұрынғы қорғаныс министрінің орынбасары Абдухалим Назарзода әскери бүлік жасады деп мәлімдеді. Оның өзі Рамит шатқалында көз жұмған, оның 200-ге тарта жақтасы ұсталған. Әскери қақтығыс кезінде 17 күш құрылымының қызметкері қайтыс болған.

Кейін билік Тәжікстандағы Исламның жаңаруы партиясын елде төңкеріс жасамақ болды деп айыптады. Қазір бұл партияға елінде тыйым салған.

XS
SM
MD
LG