Ссылки доступа

Обама Столтенбергпен НАТО-ның ИМ-ге қарсы күресін талқылады


АҚШ президенті Барак Обама НАТО АҚШ-тың қауіпсіздік саласындағы ең маңызды саясаты боп қалатынын және Вашингтонның терроризмге қарсы күрестегі сенімді одақтасы екенін мәлімдеді.

Бұл мәлімдемені Обама кеше Вашингтонда өткен НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергпен кездесуден кейінгі бірлескен баспасөз жиынында жасады.

Барак Обама Йенс Столтенбергпен НАТО-ның Ливиядағы ықтимал әрекеті туралы және альянстың Сириядағы азамат соғысынан кейін туған босқындарға қатысты дағдарысты шешуде Еуропалық одаққа көмектесу жолдары жайлы сөйлескен. Обама мен Столтенберг солтүстік альянстың "Ислам мемлекеті" экстремистік тобымен күресуде Ливияға көмек беру арқылы, осы террорлық топқа қарсы науқанда шешуші рөл атқара алатынын және ИМ-ге қарсы күресіп жатқан Ирак пен Иордания секілді елдердің әскерін дайындауға қолұшын беруге дайындығын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG