Ссылки доступа

Сарапшы: "Панама-гейт" Орталық Азиядағы режимдерге әсер етпейді


Саяси мәселелер жөніндегі сарапшы Саймуддин Дустов бірқатар ел басшыларының офшорлық аймақтарға ақша тыққанын әшкерелеген журналистердің мәліметтері Кремльдің ықпалында отырған Орталық Азия елдері жетекшілеріне еш әсер етпейді деп санайды.

Саймуддин Дустовтың пікірінше, «бұл елдердегі басшылар билікті баюдың мүмкіндігі ретінде қарастырады. Олардың басты мақсаты - өздерімен қоса, балаларының, туыстарының және өзге де жақындарының жағдайын жасау. Сондықтан мұндай әшкерелеулер бұл режимдерге ешқандай өзгеріс әкелмейді».

Дустов мұндай зерттеулерден соң билік басындағылар байлығын жасырудың немесе оларды заңдастырудың жаңа жолдарын қарастыруға мәжбүр болатынын айтады.

«Орталық Азиядағы төрт елдің басты ерекшелігі, мұндағы элита мемлекетке тиіслі байлықтың бәрін өздері иемнедуде. Олар өз елдерінде судың да, жердің де, тіпті тіршілік атаулының қожасы. Бірақ осы байлық иелерінің тізімінен олардың есімдерін табу өте қиынға соғады», - дейді Дустов.

Жемқорлықты және ұйымдасқан қылмысты зерттеу Орталығы (OCCRP), журналистік зерттеулердің Халықаралық консорциумы (ICIJ), WikiLeaks және әлемдік БАҚ сайттары жексенбі күні Ресей, Әзірбайжан, Украина, Сербия, Ұлыбритания, Исландия және тағы басқа елдердің билік басындағылардың жемқорлығын әшкерелеген құжаттарды жариялады. Құжаттың басым бөлігі Ресей туралы, оның ішінде Владимир Путиннің жақын достары жайлы. Құжаттарда Путиннің серіктері "Россия" банкі мен панамалық офшорлық компаниялар арқылы "күдікті" келісімдер жолымен түскен 2 миллиардтан астам долларды шет асырғаны туралы жазылған.

XS
SM
MD
LG