Ссылки доступа

Мәскеу мүфтиі: жастардың радикалдануына адамгершіліктің азғындауы мен билік кінәлі


Мәскеу мүфтиі Ильдар Aляутдинов Радио Озодиға берген сұхбатында Тәжікстаннан шыққан мигранттар мен өзге Орталық Азия елдері азаматтарының радикалды топтарға қосылуының себебін түсіндірді.

Ильдар Аляутдиновтың пікірінше, посткеңестік елдердегі жастардың Ирак пен Сириядағы соғысқа кетуінің басты себептері, адамгершілік қағидаларының азғындауымен, діни сауатсыздық пен әлеуметтік тұрмыстың төмендігімен байланысты.

"Кейде жастар бізге кеткілері келетінін айтады. Оның себебін сұрағанда жастардың өз бетінше шеше алмайтын психологиялық проблемаларға тап болғанын білеміз. Олар бұл мәселелерді биліктің шешпейтінін біледі. Оларды кетуге мәжбүрлеуде. Екінші жағынан бізде миллондаған, тіпті миллиардтаған мұсылман рухани жағынан өліп қалған", - дейді Ильдар Аляутдинов.

Мәскеу мүфтиі сонымен бірге алданған, қорланған, кемсітілген жандардың өздерін туған елінде адам ретінде санай алмайтынын айтты. - Ирак пен Сириядағы соғыста қолына қару алған осындай жандар ең алдымен, өздерін қорлаған, езгіге салған жандарға қарсы күрескендей сезінеді. Осы соғысқа аттанған әрбір адамды мәжбүрлеген, осыған итермелеген себеп - министр, шенеунік, депутат немесе имам тұр - дейді Ильдар Аляутдинов.

(Мәскеу мүфтиі Ильдар Аляутдиновпен болған орыс тіліндегі сұхбатқа қызығушылық білдірген БАҚ өкілдеріне бейнежазбаның толық нұсқасын бере аламыз)

XS
SM
MD
LG