Ссылки доступа

БАҚ: Сирияда ресейлік офицер Вадим Тумаков қаза тапты


Вадим Тумаков "Витязь" арнайы жасағында қызмет етті делінеді.

Ресей іскери қызметшісі Вадим Тумаковтың Сирияда қаза тапқаны туралы сейсенбі күні "Медуза" жаңалықтар қызметі орынборлық басылымдарға сілтеме жасап хабарлады.

Хабарламада марқұмның сүйегі бір жарым апта бұрын Соль-Илецк ауданындағы Покровка селосына жеткізілгені туралы жазылған.

Арнайы жасақ офицері болды делінген Вадим Тумаковтың қатардағы әскери қызметші болған-болмағаны белгісіз.

Ресейдің қорғаныс министрлігі ресми түрде Сириядағы әскери операция барысында алты адамның өлгенін мойындайды. Тумаковтың өлімін министрлік растамады. Бұған дейін Ресейдің арнайы жасақ күштерінің тағы бір жауынгерінің қаза тапқаны туралы хабар тараған еді.

XS
SM
MD
LG