Ссылки доступа

Бас прокуратура ресейлік шенеуніктердің офшорлық есепшоттары туралы мәліметті тексереді


Ресейдің Бас прокуратурасы ресейлік "жеке және заңды тұлғалардың" офшорлары туралы мәліметтің анық-қанығын анықтау үшін тексеру жүргізетінін хабарлады.

3 сәуірде журналистік зерттеулердің Халықаралық консорциумы (ICIJ) әлемнің бірқатар еліндегі билік өкілдерінің жемқорлығы туралы мәліметтерін жария етті. Бұл зерттеудің басым бөлігі Ресейге арналған. Онда Путинге жақын адамдардың "Россия" банкі мен панамалық офшорлық компаниялар арқылы 2 миллиардтан астам долларды заңсыз иемденгені көрсетілген.

Кремль бұл айыптауларға қатысты "айтарлықтай жаңа ештеңе жоқ" деген уәжбен оларды мойындамай отыр.

XS
SM
MD
LG