Ссылки доступа

"Панамалық" құжаттарда Өзбекстан азаматтары да бар


Қазіргі таңда Mossack Fonseca панамалық заңгерлік компанияның мәліметтер базасынан алынған миллиондаған құжаттарды журналистер жіті зерттеп жатыр. Онда Өзбекстанның жоғары лауазымды шенеуніктерінің аты-жөндері бар екендігі айтылады.

Ұйымдасқан қылмыс және коррупцияны зерттеу жөніндегі Халықаралық Орталықтың редакторы (Organized Crime and Corruption Reporting Project, OCCRP) Миранда Патручич зерттеу барысында кезек өзбекстандықтарға да жетеді деп мәлімдеді.

​ - Алдын ала зерттеу барысында Овика Мкртчян деген аты-жөн шықты. Біз бұл құжаттардың ішінде тағы да көптеген өзбекстандықтардың болатынына сенімдіміз. Біз осы айдың соңында Mossack Fonseca компаниясының өзге өзбекстандық клиенттерін зерттей бастаймыз. Бізде миллиондаған құжат бар. Оның бәрін зерттеуге уақыт керек, – дейді Миранда Патручич.

Еске сала кетейік Mossack Fonseca компаниясының Өзбекстаннан шыққан бірінші клиенті Овик Мкртчянның өзбек президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнара Каримовамен байланысы бар екені айтылады. Каримоваға байланысты қылмыс тобы Mossack Fonseca компаниясы арқылы "ақшаны ұрлау" құпия операциясын жүргізген.

Еске сала кетейік, Өзбекстан президентінің үлкен қызына қатысы бар деген Өзбекстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы генералы Хаёт Шарифходжаев қазір үйқамақта отыр, ал Юрий Савинков пен Овик Мкртчян – түрмеде.

XS
SM
MD
LG