Ссылки доступа

Нидерланд: ЕО мен Украина келісіміне байланысты референдум 


Бүгін Нидерландта Еуропалық одақ пен Украина арасындағы экономикалық және саяси байланысты тереңдету жоспарларына қатысты референдум өтеді.

Голландықтар Еуроодақ пен Украина арасындағы келісім жөніндегі ратификацияны қолдайды ма деген сұраққа жауап береді. Дауыс беру нәтижесі тек кеңесу үшін қажет болады, үкіметке айтарлықтай күші болмайды. Нидерландықтардың алдын-ала жүргізген сауалнамалары бойынша, қатысушылардың көбі жоқ деп жауап беруі мүмкін.

Еуроодаққа мүше 28 елдің 27-сі бұл құжатты бекіткен.

Виктор Янукович президент болып тұрғанда, үкіметтің Еуроодақ пен Украина арасындағы келісімді уақытша тоқтатуы халықтың жаппай наразылығына, Украина билігінің өзгеруіне әкелді.

XS
SM
MD
LG