Ссылки доступа

Қырғызстан Революция күнін атап өтеді 


ҚР Жогорку Кенеші 7 сәуірді мереке күні деп атау жөніндегі заң жобасын мақұлдады.

Жогорку Кенеш депутаттары жыл сайын халықтық сәуір революциясы деп аталып өтілетін 7 сәуірді бірден үш оқылымда мереке ретінде атап өтуге келісті. Бұл жөнінде парламенттің ресми сайтында хабарланды.

Атап айтқанда Қырғызстанның Еңбек кодексіне және "7 сәуір халықтық сәуір революциясы күні" деп аталатын заңға өзгерістер енгізіледі.

Заң жобасында көрсетілгендей, аталған күні демалыс ретінде жарияланады. Алдын заң жобасын алты парламенттік фракция мен комитеттер талқылап, қабылдаған.

Еске сала кетейік, бұл заң жобасын 4 сәуірде президент Алмазбек Атамбаев ұсынған.

XS
SM
MD
LG