Ссылки доступа

Нарышкин: Ресей Украинамен соғысса, кикілжің "төрт күнге" созылатын еді


Сергей Нарышкин
Сергей Нарышкин

Егер Ресей өзінің потенциалымен сәйкес келетін Украинамен соғысса, кикілжің бар болғаны төрт күнге созылушы еді. Осылай деп Ресей мемлекеттік думасының төрағасы Сергей Нарышкин мәлімдеді. "Сонда бұл кикілжіңнің нәтижесі қандай болатынын бәрі жақсы түсінуші еді", – деді төменгі палатаның спикері.

Ол Ресей-герман семинарына қатысушылардың бірінің сөзінен мысал келтірді. "Донбастағы қақтығыс екі жылға созылып барады.Міне сіздерге сұрақтың жауабы. Киев режимі кіммен соғысып жатыр?", – деді Нарышкин.

Кейінірек Нарышкиннің бұл сөздеріне Украинаның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Александр Турчинов "Егер Нарышкиннің өзі Украина секілді ел Ресеймен соғысса 4 күнге де шыдамас еді деп айтса, демек Ресейде шын мәнінде үлкен проблема" деп жауап берді.

​Украина мен Батыс елдері Донбастағы қақтығысқа Ресейді бүлікшілерге көмектесіп отыр деп кінәлайды. Киевтің мәліметінше, ДХР және ЛХР басқаратын аймақтарда 10 мыңға жуық ресейлік әскер бар.

Кремль болса бұл айыптарды жоққа шығарады. Алайда 2015 жылдың 17 желтоқсанында Ресей президенті Владимир Путин жыл сайынғы өткізетін баспасөз мәслихаты кезінде "Біз ешқашан Донбаста адамдарымыз жоқ деп айтқан емеспіз, онда олар әскери салада белгілі бір мәселелерді шешу үшін жүр" деп мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG