Ссылки доступа

Тергеушілер Умарали Назаровтың өліміне дәрігерлердің кінәсі жоқ дейді


Умарали Назаров

Умарали Назаров

Петербургте тергеушілер 5 айлық тәжік сәбиі Умарали Назаровтың өліміне дәрігерлердің кінәсін таба алмаған. Бұл жөнінде Петербургтің бала құқығы жөніндегі уәкілі Светлана Агапитова мәлімдеді.

Алайда ол бала өлімі себептері әлі тексеріліп жатқанын айтты. Оның сөзінше, тергеушілердің енді мигранттардан баланы алып кеткен полициялардан сұрау жүргізу қалған.

5 айлық Умарали Назаров өткен жылы 13 қазанда Петербург ауруханасының бірінде анасынан тартып алынғаннан кейін қайтыс болған. Сот медициналық сараптау қорытындысы бойынша, сәби вирусты инфекция салдарынан көз жұмған. Алайда баланың ата-анасы Умаралидің дені сау болғанын, бұған дейін ауырмағанын айтады.

XS
SM
MD
LG