Ссылки доступа

Тәжікстанда ТИЖП-тың 13 мүшесіне үкім шығады


Тәжікстанның Жоғарғы сотында Тәжікстандағы Исламның жаңаруы партиясының (ТИЖП) 13 белсендісіне қатысты сот ісі аяқталды. Енді сот алқасы үкім шығару үшін кеңесуге үзіліс жариялады.

ТИЖП-тың 13 мүшесі былтыр қыркүйек айында Тәжікстанның бұрынғы қорғаныс министрі Абдухалим Назарзодаға қарсы операция аяқталған соң тұтқындалған болатын.

Тәжікстан билігі ТИЖП-ты, шетелде қашып жүрген оның лидері Мухиддин Кабириді елде төңкеріс жасамақ болды деп айыптайды.

29 қыркүйекте Тәжікстан билігі ТИЖП-ты террористік ұйымдардың қатарына қосып, оның әрекетіне елінде тыйым салған. Мухиддин Кабири болса, өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG