Ссылки доступа

Дүниежүзілік банк: үш миллион ресейліктің тұрмысы– кедейлік шегінен төмен


Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Ресейдегі экономикалық дағдарыстың салдарынан елдің 3,1 млн тұрғыны кедейлік шегінен төмен күйге түседі.

Былтыр ЖІӨ 3,7 пайызға төмендеген, және биыл тағы 1,1 пайызға құлдырайды деген болжам бар. Халықтың кедейленуі онжылдық дамудың көрсеткіштерін тәрк етіп, Ресейді 2007 жылғы деңгейге түсіреді.

Ауыр экономикалық жағдайдан үкімет бюджетті қысқартуға мәжбүр. Наурызда ақпарат агенттіктері қорғаныс мұқтажына жұмсалатын шығын бес пайызға кемуі мүмкін екенін хабарлады. Бұл Владимир Путин билікке келген 2000 жылдан бергі ең үлкен қысқарту болмақ.

Бұл қиындықтар Ресей президентінің халық арасындағы беделіне кері әсер ете қоймаған, бірақ Кремль қыркүйекте өтетін парламент сайлауы кезінде тәртіпсіздіктер бола ма деп алаңдайды. ДБ сонымен бірге 2017 жылы Ресей экономикасы 1,1 пайызға өсуі мүмкін деп болжайды. .

XS
SM
MD
LG