Ссылки доступа

Порошенко: Украина еуроинтеграциядан бас тартпайды


Украина Нидерландыда өткен "Украина мен ЕО арасындағы қауымдастық туралы келісімге" байланысты өткізілген референдум нәтижесінің жағымсыз болғанына қарамастан евроинтеграциядан бас тартпайды.

Украина президенті Порошенко: "Стратегиялық тұрғыда бұл жағдай Украинаның Еуропаға қарай аяқ басқан жолына кедергі болмайтынына сенімдімін ", – деп мәлімдеді.

Украина президенті Голландияда өткен референдум ақылдасу сипатында өткенін еске салды. "Ендігі сөз кезегі Голландия үкіметінде", – деді украин басшысы.

Дауыс санаудың алдын-ала нәтижесі бойынша, 61%-дан астам адам қарсы, 38 %-ы қолдап дауыс берген.

Сайлаушылардың 32 пайызы келгендіктен, референдум өтті деп саналды. (міндетті меже – 30%).

XS
SM
MD
LG