Ссылки доступа

Өзбекстан азаматы тыңшылық жасағаны үшін 16 жылға сотталды


Өзбекстанның әскери соты Тәжікстан мүддесіне тыңшылықпен айналысты деген айыппен жергілікті тұрғынды 16 жылға бас бостандығынан айырды.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, 4 сәуірде өзбектің мемлекеттік арнасы Өзбекстан азаматы Шарифжон Асроровтың 90-шы жылдардан бері Тәжікстанның арнайы қызмет орындарына құпия мәліметтерді беріп келгенін баяндаған деректі фильм көрсеткен. .

«Сатқын» деп аталған фильмде соттың қашан және қайда өткені туралы ештеңе айтылмайды, тек Шарифжон Асроровтың қылмысын мойындайтыны туралы сөздері берілген.

Асроров Тәжікстан жағына Сурхандария, Қашқадария және Бұхара облыстарындағы түрмелер, босқындар, әскери бөлімдер мен аумақтағы әскери шендер туралы мәліметтер беріп келді деп айыпталған. Сонымен бірге фильмде Асроровтың Тәжікстан азаматшасына үйленгені де баяндалған.

XS
SM
MD
LG