Ссылки доступа

Қырғызстанда соммен есеп айырысуды міндеттейтін заң күшіне енді


Қырғызстанда 6 сәуірден бастап, тауарлар мен қызмет түрін көрсету бағасын ұлттық валютада көрсету міндеттелді және ішкі операцияларда шетелдік валюталарды пайдалануға тыйым салынады.

Күшіне енген ережелерді реттейтін заңды Қырғызстан парламенті 18 наурызда қабылдаған болатын. Жаңа талап ең алдымен жылжымайтын мүлік нарығы, автокөлік саудасы, сонымен бірге бұрын негізінен евро және доллармен есеп айырысып келген авиация саласына әсер етеді. Жаңа заң талаптарын орындамағандар айыппұл төлейді және әкімшілік жауапқа тартылады.

XS
SM
MD
LG