Ссылки доступа

ИМ содырлары 300 сириялық жұмысшыны ұрлап әкетті


«Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының содырлары Дамаск қаласының іргесіндегі цемент зауытының 300 жұмысшысын үкіметтік әскер шебіне шабуыл жасаған кездерінде күшпен алып кеткен.

Сирияның ақпарат құралдары адамдардың Думеир қалашығында кепілге түскендерін, кәсіпорын иесі олармен хабарласа алмай отырғанын жария етті. Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымы зауытқа шабуыл жасалған 5 сәуірден бері 150 ден 250-ге дейін жұмысшының жоғалғанын хабарлаған еді.

“Шекарасыз дәрігерлер” ұйымы бітім мен шектелген гуманитарлық көмекке қарамастан, Сирияның қоршаудағы аудандары қиын-қыстау күйде қалғанын хабарлауда. Ұйым жетекшісі Барт Янссен қоршаудағы 500 мыңнан астам сириялықтың адам төзгісіз жағдайда отырғанын мәлімдеді. Ол сонымен бірге соңғы екі аптада "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымы қолдайтын Дамаск іргесіндегі екі госпитальдің бомбаланғанын айтты.

XS
SM
MD
LG