Ссылки доступа

Өзбек "ханшайымының" қымбатқа бағаланатын шығармашылығы


"Өзбектің Мария-Антуанеттасы: "балаларға арналған бір көйлекті 5 мың фунт стрелингке сататын есті тандыратын гламурлы өмірі ғана емес, өзінің жауларын майға "қуыратын" "ханшайым".

Осындай тақырыппен 29 наурызда Ұлыбританияның dailymail.co.uk порталы мақала жариялады.

Жас келіншекті Ұлы франсуз революциясына дейін сән мен салтанаттың ортасында өмір сүрген, революциядан кейін өмірі абақтыда өткен франсуздың Людовик XVI-патшасының зайыбына теңеген. Белгілі болғандай "ханшайым" Диёра Усманова – Өзбекстан премьер-министрі Шавкат Мирзияевтың туған немере қарындасы, ресейлік миллиардер Алишер Усмановтың келіні болып шыққан.

Британдық басылымның жазуынша, оның сататын бір көйлегінің құны қатардағы 13 өзбекстандықтың жылдық жалақысына тең. "Диёра Усманова ұзақ жылдан бері Өзбекстанның үкімет басшысы болып келе жатқан, президент Ислам Каримовтың сенімді адамы Ш.Мирзияевтың туған немере қарындасы. Ислам Каримов қарсылыстарын ыстық суға қайнатып өлтіреді. Ол сонымен бірге өзінің 43 жастағы туған қызы миллиардер Гүлнар Каримованы үйқамақта ұстап отыр. Қызына қарсы батыс елдері коррупцияға қатысты айып тағып отыр" деп жазған.

Азаттықтың өзбек қызметіне белгілі болғандай, Диёраның 27 жастағы күйеуі Бабур Усманов, Алишер Усмановтың немере інісі екі жыл бұрын Ташкентте көлік апатынан қайтыс болған. Бұл жайында кезінде бай-манаптардың өмірін жазатын ресейлік басылымдар жазған.

Диёра Усманова балаларға арналған киім сататын Bibiona Couture брендін іргесін қалаған. Бір көйлектің құны 200-ден 500 мың рубльге дейін тұрады. Биыл қаңтар айында Мәскеуде өзінің бірінші шоу-румын ашқан.

XS
SM
MD
LG