Ссылки доступа

Қырғызстан премьері қызметінен кетуін талап еткендерге жауап берді


Қырғызстан прмьер-министрі Темір Сариев Балықчы - Тамчы - Чолпон-Ата – Қорумду автокөлік жолын қалпына келтіру бойынша жүргізілген тендерде заң бұзылғаны туралы депутаттық комиссияның қорытындысына пікірін білдірді.

Жақында депутаттық комиссияның отырысында комиссия шешімін парламенттің пленарлық отырысында көтеру туралы ұйғарылған. Отырысқа ешкім шақырылмаған. Оның үстіне, 13 сәуірде парламентте үкімет басшысын қызметтен кетіру туралы мәселе қаралмақ.

Сариев әлеуметтік желідегі парақшасында: «Үкімет жылына жүздеген тендер өткізеді. Былтыр бір ғана көлік және коммуникация министрлігі 23 тендер жариялады. 2016 жылы 100 мектептің құрылысына қатысты тендер өтеді. Заң бойынша тендер өткізген мемлекеттік орган басшысы басымен жауап береді. Балықчы - Қорумду автокөлік жолын қалпына келтіру бойынша тендер осындай тәртіппен жүзеге асырылды және оған министр жауап береді», - деген жауап жазды.

«Ар-абыройын жоғары қоятын адам ретінде, бұл істе бәрінің ашық болғанын қатамасыз ету керек деп санаймын. Менің бар көздейтінім осы. Барлық деректер мен дәйектердің шынайы зерттелгенін қалаймын. Менің бір қауіптенетінім, саяси ойындардың кесірінен, осындай аса маңызды жолдың құрылысы тоқтап қалуы мүмкін », - дейді қырғыз премьері.

XS
SM
MD
LG