Ссылки доступа

Қазақстанда су тасқынынан мыңға жуық адам көшірілді


Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитеті бүгінге дейін Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Қостанай облыстарындағы 43 елді мекеннің су астында қалғанын хабарлады.

Су тасқыны басталғалы бері 513 тұрғын үй жайларын су басқан, тағы 201 үй әлі суда тұр деген хабар бар. Автокөлік жолдарының 190 бөлігін су басқан және шайып кеткен, екі көпір суға кеткен. Төтенше жағдайлар аймағынан 961 адам көшірілген, оның 464-і қазір үйлеріне оралған, 468 адам туыстарын паналауда және 29 адам эвакуация бекеттерінде тұрып жатыр. .

Төтенше жағдайлар комитеті төтенше жағдай аймақтарында уақытша қорғаныш дамбалары тұрғызылғанын, еріген қар суын арнайы техника көмегімен сорып алып жатқандарын хабарлайды.

XS
SM
MD
LG