Ссылки доступа

Бельгия прокуратурасы: күдіктілер Парижде жаңа теракт дайындаған


Бельгия прокуроры жақында ұсталған Мұхаммед Абринидің Париж бен Брюссельде жаңа террорлық шабуыл дайындауға қатысы барын мойындағаны туралы мәлімдеді.

Бельгия прокуратурасы ұсталғандардың Парижде жаңа шабуылдар ұйымдастыруды жоспарлағанын, алайда, "тергеу ісінің тез жүргеніне таңданып", шабуыл орнын 22 наурызда жанкештілерді есептемегенде 32 адамның өмірін жалмаған жарылыстар болған Брюссельге ауыстырғанын хабарлады. Жарылыстардан кейін ауыр жарақаттан тағы үш адамның көз жұмғаны белгілі болды.

Тергеу орындары 31 жастағы түбі марокколық Бельгия азаматы Абринидің Париждегі лаңкестік шабуылдар бойынша айыпталған Салах Абдесламмен бірге жанармай құю бекеттерінің бейнекамерасына түсіп қалғанын айтады. Абдеслам Брюссельде наурыз айында қол түсті.

Сенбі күні Абрини жарылыстың алдында Брюссель әуежайында түсірілген суреттегі қалпақ киген адамның өзі екенін мойындаған. Париждегі жарылыстар мен шабуылдар былтырғы жылдың қарашасында болды. Соның салдарынан 130 қаза тауып, үш жүзден астам адам жараланды.

XS
SM
MD
LG