Ссылки доступа

Елшілік Сүлейменге жасалған шабуылды әділ зерттеуді талап етеді


Сулаймон Саидов

Сулаймон Саидов

Мәскеудегі Тәжікстан елшілігі Ресейдің СІМ атына тәжік мигранты Сүлеймен Саидовқа жасалған шабуылды шынайы зерттеуін талап етіп нота жолдады.

Оқиға 8 сәуір күні кешкісін Мәскеудегі "Калужская" метросында орын алған. Метроның вагонында 58 жастағы Сергей Царев пен Сүлеймен Саидов арасында келіспеушілік орын алған. Осыдан кейін Царев мигранттың басынан травматикалық "Оса" тапаншасымен атқан. Жараланған Сүлейменді бірден №1 аурухананың жансақтау бөліміне жеткізген. Қазір оны жалпы бөлімге ауыстырған. Дәрігерлер оның денсаулығын бір қалыпты деп бағалайды.

Зардап шегуші ресейлік БАҚ-тың Сүлейменнің өзі Царевке күш көрсетті, ал орыс азаматы одан қорғанды деген ақпаратты теріске шығарады.

Сүлеймен Саидовтың сөзінше, өзіне шабуыл жасаған ер азамат мас күйінде бірден немере інісі Мұхаммеджанға тиіскен. "Ол оны қазір үш минөттен соң өлесің деп қорқытып, бірден менің басыма тапанша тақап, атып жіберді",- дейді жапа шегуші.

Оқиғадан кейін Царев қашып кеткен, бірақ тапаншасын түсіріп алған. Алайда полиция оны бірден ұстаған. Царевқа қатысты Ресей Қылмыстық кодексінің 30-бабы 3-тармағы, 105-бабы 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалған.


XS
SM
MD
LG