Ссылки доступа

Атамбаев үкіметтің отставкасын қабыл алды


Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев 11 сәуірде премьер-министр мен үкіметтің отставкасын қабылдайтыны туралы жарлыққа қол қойды. Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

"Премьер-министр Темир Сариевтің өтініші қабылдансын. Үкімет отставкаға кетті деп есептелсін", - делінген жарлық мәтінінде.

Алайда премьер, вице-премьерлер мен үкіметтің өзге де мүшелері министрлер кабинетінің жаңа құрамы жасақталғанша, өздерінің міндеттерін уақытша атқара тұрады.

Еске сала кетейік, премьердің отставкасы жөнінде Балыкчи - Тамчы - Чолпон-Ата – Корумду жолдарын жөндеу үшін өткізілген тендерде орын алған заң бұзушылықтан кейін айтыла бастады.

Көлік және коммуникация министрі Аргынбек Малабаев депутаттық комиссияда өзінің орынбасары Улан Уезбаев пен премьер-министрдің айналасындағы адамдар тендерді қытайлық "Лонг Хай" фирмасының пайдасына шешуге барын салғанын мәлімдеген. Алайда премьер мен министрдің орынбасары бұл мәлімдемені теріске шығарып келді.

XS
SM
MD
LG