Ссылки доступа

Франция Украинаның шығысындағы шиеленістің ұлғаюына алаңдайды


Францияның сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде сенбі күні ЕҚЫҰ-ның мониторинг жүргізетін тобының Донецкінің солтүстік-шығысында 50 шақырым қашықтықтағы Зайцево ауданындағы атысты хабарлағаны айтылған. Ұрысты кім жүргізгені белгісіз. Халықаралық сарапшылардың бақылауынша, атыс бір аптаның ішінде екінші рет орын алып отыр.

Париж Донбастағы жағдайды тек Минск келісімін орындау арқылы реттеуге болатынын атап өтті.

10 сәуірде еуропалық дипломаттардың өкілі Федерики Могерини де Минск келісімінің бұзылуын қатаң сөккен.

XS
SM
MD
LG