Ссылки доступа

Путин ескертусіз қару қолдануға рұқсат беретін жаңа гвардия құрды


Виктор Золотов, глава Росгвардии
Виктор Золотов, глава Росгвардии

Ұлттық гвардия тікелей Путинге бағынады, ал оның әскеріне ескертусіз қару мен күш қолдануға рұқсат беріледі.

Ресейдің ұлттық гвардиясы қысқартылған түрде Росгвардия деп аталатын болады. Бұл жөнінде Ресей президенті Владимир Путиннің жаңа күш құрылымы мекемесін құру жөніндегі жарлығында айтылған. Құжатта жаңадан құрылатын гвардия қоғамдық тәртіпті, терроризм мен экстремизммен күресті, ұйымдасқан қылмысты бақылауға алады, сонымен бірге Федералды қауіпсіздік қызметіне шекараны күзетуге көмектеседі.

Росгвардияның құрылуы жөнінде Путин 5 сәуірде жариялады. Жаңа күш құрылымы мекемесінің басшысы етіп, ол өзінің бұрынғы оққағары, ішкі істер министрінің бұрынғы орынбасары Виктор Золотовты тағайындады. Ұлттық гвардия жөніндегі заң жобасына сәйкес, оның сарбаздары елге және оның азаматтарына қауіп төнген жағдайда, ескертусіз қару қолдана алады.

XS
SM
MD
LG