Ссылки доступа

Freedom House: Тәжікстанда демократия нашарлап барады


Америкалық Freedom House үкіметтік емес ұйымы жаңа есебінде Тәжікстандағы демократияның дамуы өңірдегі көршілерімен салыстырғанда кері кетіп бара жатқанын жариялады.

Freedom House 12 сәуірде Орталық Еуропа мен Орталық Азия аралығындағы 29 елдегі демократиялық үрдістерге баға берген жыл сайынғы «Өтпелі кезең елдері - 2015» атты есебін жария етті. Есеп авторлары Тәжікстанда былтыр демократиялық даму көрсеткіштерінің құлдырағанын, бұл жағынан көршілерінен көш кейін қалғанын баяндайды.

«Freedom House» әр елдегі жағдайды сайлау үрдісінің жағдайы, азаматтық қоғамның жай-күйі, ақпарат құралдарының тәуелсіздік көрсеткіші, жемқорлық деңгейі, ұлттық және жергілікті басқару сапасы, сот жүйесінің тәуелсіздігі секілді 7 негізгі көрсеткішке сүйеніп бағалайды. Осы көрсеткіштердің орташа бағасы елдің демократиялық бағасы боп саналады. Бағалау 7 баллдық көрсеткішпен өлшенеді. Мұнда 7 – ең төменгі ұпай.

Есепте сонымен бірге посткеңестік елдердің экономикалық қиындықтарға байланысты қауіпсіздікке төнген қатермен бетпе-бет келгені айтылады.

Есеп авторларының бірі Нейт Шенкан,Тәжікстанның былтыр оппозицияға бұған дейін болмаған қысым көрсеткенін мәлімдеді. Қазақстан мен Қырғызстан билігінің азаматтық қоғамды бақылау мақсатында Ресейдің үлгісімен үкіметтік емес ұйымдар туралы заңдарды қабылдағаны туралы баяндалады.

XS
SM
MD
LG