Ссылки доступа

Гройсман Украинаның жаңа үкіметіне қатысты келіссөздер жүргізуде


Украинаның премьер-министрі лауазымынан үміткер Жоғарғы Рада спикері Владимир Гройсман жаңа үкімет құрамы бойынша келісімге қол жеткізе алған. Бұл туралы Твиттерде оның баспасөз хатшысы Дмитрий Столярчук жазды.

“Гройсман жаңа үкіметте реформашыл ядроны сақтап қала алды», - деп жазған Дмитрий Столярчук.

Дүйсенбі күні депутат Мустафа Найем «Украинская правда» газетіне кадр мәселесіндегі келіспеушіліктен жаңа министрлер кабинетін басқарудан бас тартқанын хабарлаған еді. Кейінірек басқа депутат Максим Курячий Гройсманның жоспарына қатысты Найемнің асығыс мәлімдеме жасағанын айтты. Гройсман ауызбірлігі жоқ үкіметті басқара алмауы мүмкін деген қауіп те айтылды.

2014 жылдың ақпанынан үкімет басқарған Арсений Яценюк 10 сәуірде қызметінен кетті. Ол бұл қадамын 16 ақпанда Украинада қалыптасқан саяси дағдарыспен түсіндірді. Ол кезде Жоғарғы Рада үкіметтің былтырғы жылғы жұмысын іске алғысыз еткенімен, "олигархтар мен президент Порошенконың ауыз жаласуының кесірінен" украиндардың сенімінен айырылған Яценюк үкіметін тарата алмады делінген еді.

XS
SM
MD
LG