Ссылки доступа

Литва Савченконы соттаған РФ судьялары мен прокурорларға еліне кіруге тыйым салды


Литва украин ұшқышы Надежда Савченконы соттауға қатысы бар Ресей азаматтарына еліне кіруге тыйым салды. Бұл ақпаратты Литваның сыртқы істер министрі Линас Линкявичюс растады деп жазады "Украинская правда" газеті.

"Тізімде негізінен ресейлік судьялар мен прокурорлар бар. Қазіргі кезде бас-аяғы 46 адамға Литва аумағына кіруге тыйым салынады", – деген Линкявичюс. Ол тізім әрі қарай толықтырылатынын атап өткен.

Мұнда "Савченко тізімінен" бөлек украиндық азаматтар Олег Сенцов пен Александр Кольченконы соттағандарды да еліне кіргізбейді.

"Біз бұл істі де мойындамаймыз. Оларды түрмеге жабуға себепші болған барлық азаматтарға Литва есігі жабық. Сонымен бірге өздерін өздері жариялаған Донецк пен Луганскті басқарып отырған адамдар да бұл тізімге енді", - дейді Линкявичюс.

Оның сөзінше, Литва ЕО ішінде аталған тізімді құрған бірінші ел. Министр Вильнюстің бұл қадамын Еуропалық одақтың өзге елдері де қолдайды деген үміт білдіреді.

XS
SM
MD
LG