Ссылки доступа

НАТО мен Ресей екі жылдың ішінде бірінші рет кездесу өткізбекші


Пресс-секретарь НАТО Оана Лунгеску

Пресс-секретарь НАТО Оана Лунгеску

20 сәуірде НАТО өкілдері соңғы екі жылдың ішінде бірінші рет Ресеймен ресми кездесу өткізбекші. Бұл жөнінде НАТО баспасөз хатшысы сейсенбі күні хабарлады. Күн тәртібінде Украинадағы дағдарыс пен Ауғанстан мәселелері қаралады.

"Бұл кәдімге бизнеске қайта оралу емес, бізге диалог керек", – дейді НАТО баспасөз хатшысы.

НАТО Мәскеудің Қырымды аннексиялауына қарсылық ретінде 2014 жылдың сәуірінен бастап Ресеймен барлық қарым-қатынасты үзген.

Дегенменен Ресей мен оның суық соғыс кезінен бергі қарсыластарын біріктіретін "Ресей– НАТО" Кеңесі ешқашан ресми тоқтаған емес. Соңғы кездесу Ресей Қырымды өзіне қосып алғаннан кейін, 2014 жылдың маусым айында орын алды. Бірақ қарым-қатынас күрт нашарлады. Екі тарап та тек Ресей – НАТО Кеңесіндегі Брюссельдегі елшілер деңгейінде ғана келіссөз жүргізді.

Батыс пен Ресей арасында Украинаға қатысты келіспеушілік сақталғанымен, кездесу дипломатиялық қатынасты жақсартуға дайын екендіктерін білдіреді деп хабарлайды Рейтер агенттігі.

НАТО Шығыс Еуропада әскер санын өсірді. Дегенмен альянс Мәскеуден әскери салада ашықтықтың болуын сұрап, келіссөз жүргізбекші.

XS
SM
MD
LG