Ссылки доступа

Өзбекстанда "махаббат тұтқыны" күйеу бала болды


Самарқан облысында Надыр Абдухамидов есімді жас жігіт өзінің жақсы көретін қызының болашақ жарын ұрлап әкеткен. Ол "Күйеу ұрлау" операциясына өзінің туыстарын көмекке шақырған.

Тек кинодан ғана көретін оқиға Өзбекстанның Самарқан облысы Булунгур ауданында орын алған. Надыр есімді жігіт жас қызға ғашық болады. Бірақ қыздың ата-анасы басқа адамдармен құдаласады.

Надыр бұл мәселені шешудің басқа жолын табады. Тойға бір күн қалғанда, ол ғашығының болашақ күйеуін ұрлап әкетеді.

Самарқанның құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, Надыр жоспарын жүзеге асыру үшін туыс ағалары Хабибулло Абдухамидов пен Аббос Ибрагимовті көмекке шақырған.

Бір шешімге уағдаласқан ер азаматтар күйеу балаға қоңырау шалып, көшеге шығуын сұрайды. Ол сыртқа шыққанда, күшпен көлікке отырғызып, белгісіз жаққа алып кеткен.

Соңында "күйеу баланы ұрлаған" Надыр Абдухамидов Қылмыстық кодекстің 277-бабы бойынша ("Бұзақылық") айыпты деп табылып, 3,5 жылға сотталады. Ал оның туыстары 3 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылған.


XS
SM
MD
LG