Ссылки доступа

"Панамагейт": Прокуратура Mossack Fonseca фирмасының кеңсесін тінтті


Панама прокуратурасы заңсыз ақша аударымымен айналысты және террорлық әрекеттерді қаржыландырды деген күдікпен Mossack Fonseca заңгерлік фирмасының кеңсесінде тінту жасады.

Панаманың Бас прокуратурасы тінтудің мақсаты "фирманы заңсыз әрекетпен айналысты деп айыптаған баспасөз бетіндегі мақалаларға қатысты мәліметтерді жинау" болғанын мәлімдеді. Панама үкіметі ел үшін аса маңызды қаржы саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін қажет шараның бәрін жасайтынын жариялады.

Mossack Fonseca барлық әрекетінің заңды екенін, бар болғаны офшорлық компаниялар мен түрлі клиенттерге есепшот ашумен ғана айналысатынын және бұл компаниялардың ісіне еш қатысы жоқтығын мәлімдеп отыр. Заңгерлік фирма компьютерлерін бұзып, ондағы миллиондаған құжаттарды ұрлаған қылмыскерлерден жапа шегуші санайды. Дүйсенбі күні фирманың құжаттардың ұрлануына байланысты істі қарайтын тергеушілер фирма қызметкерлерінен сұрақ-жауап алды.

Журналистік зерттеулердің халықаралық консорциумы мен бірқатар елдегі басылымдар 3 наруызда Mossack Fomseca фирмасының құжаттарын жариялады. Құжаттарда фирманың әлемнің бірқатар еліндегі билік өкілдері мен олардың туыстарына, кәсіпкерлер мен спорт және мәдениет өклідеріне офшорлық фирмаларды ашып бергені туралы жазылған. Даулы істе Ресейдің билігіне қатысты 4 фирманың да аттары аталады.

XS
SM
MD
LG