Ссылки доступа

Қырғызстан парламентінің спикері өз еркімен қызметінен кетті


Жоғорку Кеңештің төрағасы Асылбек Жээнбеков бүгін парламенттің пленарлық отырысында қызметінен кететінін мәлімдеді.

Өзінің екі рет парламент спикері боп сайланғанын айта келе, Жээнбеков: «Менің ағам премьер-министрлікке үміткер ретінде ұсынылғандықтан, 10 сәуірден бастап өз еркіммен Жоғорку Кеңештің спикерлігінен бас тартамын», - деді.

Естеріңізге сала кетейік, Жоғорку Кеңеш төрағасының ағасы Сооронбай Жээнбековтың премьер-министр болуын парламенттегі барлық фракция өкілдері қолдаған болатын.

Әзірге парламент отырысына уақытша Жоғорку Кеңештің вице-спикері Нұрбек Әлімбеков жетекшілік етеді.

XS
SM
MD
LG