Ссылки доступа

БҰҰ жаңа Бас хатшы іздеуде


Сейсенбі күні БҰҰ тарихында тұңғыш рет Бас Ассамблеяның мүшелері БҰҰ Бас хатшысы қызметіне үміткерлерді талқылайтын тыңдауларды бастады.

Отырыста БҰҰ басшысы қызметіне үміткер тоғыз адамның үшеуі сөйледі. Олар: Черногорияның сыртқы істер министрі Игорь Лукшич, БҰҰ босқындар жөніндегі бұрынғы Жоғарғы комиссары Антониу Гутерреш және ЮНЕСКО басшысы, болгар Ирина Бокова. Соңғысының БҰҰ басшысы болғанын Ресей қалап отыр. Мәскеу БҰҰ келесі Бас хатшысы Шығыс Еуропа өкілінен сайлануын талап етуде. Үміткерлер әлемдегі ең ірі ұйымның болашағын қалай көретіндері туралы баяндама жасады.

Дәстүр бойынша, Бас хатшыға үміткерді БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жабық есік жағдайында талқылаған соң, БҰҰ Бас Ассамблеясына ұсынатын. Былтыр Бас Ассамблея бұл ережені өзгертіп, үміткерлердің өздерін ресми түрде ұсына алатынын жариялады. Арнайы отырыста баяндама жасау - үміткерлерді іріктеудің бір кезеңі. Дегенмен соңғы сөз БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде қалып отыр. Соңғы шешімді Кеңес шілдеде жариялайды.

XS
SM
MD
LG