Ссылки доступа

Ресей ұшақтары Балтық теңізінде АҚШ эсминеціне қауіп төндірді


Америкалықтар ресейлік ұшқыштардың Балтық теңізіндегі әрекеттері оқыс жағдайға ұрындыруы мүмкін еді деп санайды.

АҚШ қарулы күштері ресейлік СУ-24 шабуылдаушы ұшағының Балтық теңізіндегі америкалық "Дональд Кук" эсминецнің төңірегінде жасаған қауіпті маневрінің суреті мен бейнежазбасын көрсетті.

АҚШ қарулы күштерінің Еуропадағы қолбасшылығының өкілі ұшақтың эсминецке жақын жерде төмен ұшуын "агрессияшыл" деп атады.

Қолбасшылық өкілі: "Біз ресейлік әуе маневрінің қауіпті және кәсібилікке жатпайтын әрекет болды деп санаймыз", - деп мәлімдеді.

Мәлімдемеде: "Бұл әрекеттер екі ел арасындағы шиеленісті қоздыруы және қателік немесе оқыс оқиға салдарынан адамдардың жарақаттануына немесе кісі өліміне ұласуы мүмкін еді" делінген.

Хабарламада "Дональд Кук"эсминецінің төңірегіндегі оқиғаның халықаралық суларда 11 және 12 сәуірде болғаны жазылған.

XS
SM
MD
LG