Ссылки доступа

Президент Путин 14-ші рет ресейліктермен "тікелей байланысқа" шығады


Ресей президенті бүгін 2001 жылдан бері дәстүрге айналған "Владимир Путинмен тікелей байланыс" эфирінде ресейліктердің сұрақтарына жауап береді.

Бұл шараға қатысты сұрақтарды бір апта бұрын жинай бастаған, ал бағдарламаның басталуына бір тәулік қалғанда хабарласқандардың саны бір миллионнан асқан. Биыл бірінші рет "ВКонтакте" әлеуметтік желісінде арнайы құрылған топ арқылы сұрақ жолдау мүмкіндігі жасалды. Кремльдің дерегінше, оған жүз мыңдай адам тіркелген.

Президенттің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков адамдарды көбіне бағаның өсуі, жеңілдіктер мен зейнетақыны индексациялау, білім сапасы, жемқорлықпен, бюрократизм және шенеуніктердің арасындағы сыбайластықпен күрес, шағын бизнесті қолдау, Украинаның шығысындағы қақтығысты реттеу, Ресейдің АҚШ-пен, НАТО және жалпы Батыс елдерімен қарым-қатынасы секілді тақырыптар қызықтыратынын айтты.

Ресей тұрғындарының мәселелерін жедел шешу үшін, студияда губернаторлар, министрлер және өзге де шенеуніктер де отыратын болады.

"Тікелей байланыс" рекорды 2013 жылы қойылған. Ол кезде Путин 4 сағат 48 минут бойы сұрақтарға жауап берді. Былтыр президенттің ресейліктермен әңгімесі төрт сағатқа жуық уақытқа созылды.

Рекорд "Прямой линии" был установлен в 2013 году, когда Путин отвечал на вопросы 4 часа 48 минут. В прошлом году его общение с россиянами длилось 3 часа 55 минут

Подробнее на ТАСС:
http://tass.ru/politika/3202011
XS
SM
MD
LG