Ссылки доступа

Қырым прокуроры меджлис жұмысын тоқтатты


Ресей басып алған украиндық Қырым түбегінің прокуроры Наталья Поклонская қырым татарларының меджлисіне қоғамдық жиын өткізуге, банк есепшоттарын пайдалануға және ақпарат таратуға тыйым салды.

Бұл шешім заңсыз басып алынған түбектің соты меджлиске тыйым салу және оны экстремистік ұйымдар тізіміне қосу туралы істе шешім шығарғанға дейін күшінде болады.

Қырым татарлары Меджлисінің төрағасы Рефат Чубаров Наталья Поклонскаяның шешімін қатаң сынға алды. "Фейсбуктегі" парақшасында Чубаров шешімді "қылмыстық" деп атады.

Поклонская меджлиске тыйым салуды ақпан айында сұраған. Украинаның сыртқы істер министрлігі мұны "түбектегі негізгі құқықтар мен бостандықтарды бұзу" деп бағалап, меджлисті жабуға қарсы шықты.

Қырым татарлары түбектегі екі миллион тұрғынның 15 пайызын құрайды. Олардың көпшілігі 2014 жылы Ресейдің түбекті басып алуына қарсы шықты. Ресейлік үкімет келгелі бері қырым татарлары бірнеше рет өздеріне қысым көрсетілгені, қырым татарларының тіліндегі сыныптардың жабылып жатқаны және өздеріне Қырымды басып алған жаңа биліктің сенімсіздікпен қарайтыны туралы мәлімдеген болатын.

XS
SM
MD
LG