Ссылки доступа

Обама: ИМ тобы қорғануға көшті


Сирия мен Иракта "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қарсы соғысып жатқан АҚШ жетекшілік ететін коалицияның әрекетінен содырлар жаппай қорғануға мәжбүр.

Бұл туралы АҚШ президенті Барак Обама кеше Орталық барлау басқармасының кеңсесінде ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерімен кездесуден соң мәлімдеді.

Барак Обама Сирия мен Иракта ИМ тобына қарасты аумақтардың көлемі кеміп бара жатқанын айтты. «ИМ қорғанысқа көшті, ал біз шабуылдап жатырмыз , — деді Обама, — Біз қарқынды үдетудеміз және оны азайтпаймыз». Ол АҚШ-тың ИМ жетекшілеріне соққы беруді жалғастыратынын мәдімдеді.

Обама ИМ-нің көзі жойылған жетекшілерінің есімдерін келтірді, содырлардан тартып алынған аумақтарды көрсетті және лаңкестер тобының басты қаржы көзі боп табылатын мұнай кеніштерін бомбалаудың нәтижелерін айтты.

Дегенмен Барак Обама ИМ әлі де Батыс елдеріне қарсы "сұмдық зұлымдық" жоспарлауға және жасауға қабілетті екенін еске салды.

«Мен бұрын да айтқанымдай, ИМ-ді түбегейлі жоюдың жалғыз жолы - Сириядағы азамат соғысын тоқтату боп табылады», — деді Барак Обама.

XS
SM
MD
LG