Ссылки доступа

Қырғыз депутаттары әскери қызметшілердің психикалық денсаулығына алаңдауда


Қырғыз депутаты Тазабек Икрамов парламентте әр жарты жыл сайын Қарулы күштер сапындағы жауынгерлер мен офицерлердің психикалық денсаулығын тексеріп тұруды ұсынды.

Оның сөзінше, бұған елдің Қарулы күштеріндегі жағдай мәжбүрлеуде. «Жауынгерлердің өз-өзіне қол жұмсауы көбейді. Мұның бәрі жайдан-жай емес, оларды соған итермелеуде. Сондықтан жауынгерлер мен офицерлердің психикалық жағдайын тексеріп отыру қажет, олардың қандай күйде екенін ешкім білмейді», - деді депутат.

Бұған дейін депутат Руслан Қазақбаев соңғы төрт жылда 62 әскери қызметшінің өлгенін, оның 70 пайызы суицидтен көз жұмғанын хабарлаған болатын.

Ресми дерек бойынша, 2014 жылы -14, 2015 жылы 16 әскери қызметші өзіне қол жұмсап өлген.

XS
SM
MD
LG