Ссылки доступа

Керри: РФ авиациясының Балтық теңізіндегі әрекеті – "қауіпті және ойсыз арандатушылық"


Балтық теңізіндегі оқиға үшін Польшаның СІМ Ресей елшісінен түсініктеме беруін талап етті. Варшава ресейлік ұшақтардың қауіпті маневрі поляк-американ әскери жаттығуларына кедергі келтірді деп санайды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри ресейлік әскери ұшықтардың Балтық теңізінде "Дональд Кук" америкалық эсминеціне қауіпті қашықтыққа жақындап ұшқанын "ойсыз арандатушылық" ретінде атады.

Керри АҚШ-тың халықаралық суларда жүзген әскери кемесі әскери әрекет жасау ережесіне сәйкес, ресейлік Су-24 шабуылдаушы ұшағын атып түсіруі әбден мүмкін болғанын ескертті. Керри Мәскеудегі ресми тұлғалармен болған әңгімеден кейін мұндай жағдайдың қайталанбайтынына сенім білдірді.

Бұған дейін Ресейдің қорғаныс министрлігі ресейлік ұшқыштар барлық қауіпсіздік талаптарын сақтағанын айтып, олардың әрекеттерін жақтаған еді. Америкалық әскери шенеуніктер ресейлік әскери ұшақтар қарусыз болғанымен, "Дональд Кук" эсминеціне тым жақын ұшқандарын, қауіпті аралыққа төмендегені сонша, "суда із қалдырғандарын" айтады.

Әскери қақтығыс қаупін азайту мәселесі 20 сәуірде Брюссельде өтеді деп белгіленген Ресей – НАТО кездесуінде талқыланады. Бұл Ресей мен НАТО кеңесінің 2014 жылдан бергі тұңғыш кездесуі болмақ. Екі жыл бұрын солтүстік Атлантикалық әскери одақ Ресей Украинаға тиесілі Қырым түбегін басып алған соң және Украинаның шығысындағы ресейшіл сепаратистерді қолдағаны үшін Мәскеумен әріптестігін тоқтатқан еді.

XS
SM
MD
LG