Ссылки доступа

Жапонияда жойқын жер сілкінісі болды


Елдің оңтүстігінде болған зілзаладан кемінде екі адам қаза тауып, жүздегені жараланған. Құтқарушылар үйінді астында қалған адамдарды құтқару үшін түні бойы жұмыс істеуде.

Магнитудасы 6-ға жеткен зілзаладан ғимараттар қираған. Жапон билігі атом электр стансаларына қауіп төнбегенін хабарлады. NHK телеарнасы цунами туу қаупінің жоқтығын айтады.

Бір адам ғимараттың құлауынан көз жұмған, екіншісі жер сілкінісінен кейінгі өртте қаза тапқан. Кем дегенде төрт жүзге жуық адам ауруханаға жеткізілді. Жапа шеккендер саны бұдан көп болуы мүмкін деген жорамал бар. Кумамото қаласының әкімшілігі тоғыз адамның өлгені туралы дерек барын хабарлады. Жер асты дүмпуі Кюсю аралының мыңдаған тұрғынын үйлерін тастап қашуға мәжбүр еткен.

XS
SM
MD
LG