Ссылки доступа

Қазақстанда жер шетелдіктерге сатылмайды


Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің шетелдіктерге сатылмайтынын мәлімдеді. Журналистермен тілдескен Мамытбеков жердің «тек Қазақстан азаматтары мен жергілікті компанияларға сатылатынын» айтты.

«ҚазАқпарат» агенттігі Мамытбековтың:«Қазақстанның жер кодексі мен өзге де заңдарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің шетелдіктерге сатылмайтыны туралы жазылған», — деген сөзін келтіреді.

Өткен айдың соңында ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың 1 шілдеден бастап, аукцион арқылы 1,7 миллион гектар жердің сатылатыны туралы сөзінен кейін әлеуметтік желілерде жерді шетелдік қалталылардың сатып алатыны туралы түрлі жорамалдар мен пікірлер айтыла бастады. Досаев сонымен бірге жерді жалға алып отырғандарға оның кадастрлық құнынан 50 пайызға арзан бағамен, 10 жыл жеңілдік мерзімімен сатылатынын да айтқан еді.

XS
SM
MD
LG